СПОРТ

Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Алматыда 7-10 қазан аралығында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыс ұйымдастырылады. Турнирге 25 елден 150-ге жуық спортшы қатысады, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Olympics.com

Алматыдағы Halyk Arena мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді. Байрақты бәсеке 7-10 қазан күндері ұйымдастырылады.

Жарысқа әлемнің 25 мемлекетінен шамамен 150 спортшы қатысады. Қатысушылар бірнеше санат бойынша өнер көрсетеді.

Турнир бағдарламасына жасөспірімдер арасындағы жарыс, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сайыс және мұздағы би бәсекесі енгізілген.

Халықаралық дода Қазақстанның танымал мәнерлеп сырғанаушысы, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне өткізіледі.

Денис Тен қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық аренада елдің атын танытты. Спортшының есімімен аталған турнир жыл сайын жас әрі тәжірибелі мәнерлеп сырғанаушылардың басын қосатын маңызды жарыстардың біріне айналып келеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61