САЯСАТ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдап, инвестициялық жобалар мен алдағы жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Президентке «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының биылғы жұмысы және алдағы жылдарға арналған жоспарлары туралы есеп берілді.
Нұрлан Жақыповтың мәліметінше, биыл қор жалпы құны 3,2 трлн теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды аяқтауды жоспарлап отыр.
Жобалардың қатарында Мойынты–Қызылжар және Дарбаза–Мақтаарал теміржол желілерін салу, Алтынкөл–Жетіген және Бейнеу–Маңғыстау учаскелерін жаңғырту жұмыстары бар.
Сонымен қатар Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу, Алматыдағы №2 жылу электр орталығын жаңғырту, Түркістан облысында бу-газ қондырғысын және гибридті электр станциясын іске қосу жоспарланған.
Астанада деректерді өңдеу орталығын салу және Каспий теңізінің түбімен өтетін талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстары да аяқталуға жақын.
Қордың алдағы жоспарына сәйкес, 2027–2029 жылдары энергетика, мұнай-газ саласы, көлік және цифрлық инфрақұрылым бағыттарында 38 жоба жүзеге асырылады. Оларға бөлінетін инвестиция көлемі 21 трлн теңге болады.
Әлеуметтік бағыт та назардан тыс қалмайды. Жоспарда медициналық және әлеуметтік нысандар салу, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 55 орталық пен 46 инклюзия кабинетін ашу қарастырылған.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы қордың инвестициялық жобаларының ел экономикасына әсерін арттыруға және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды сапалы жүзеге асыруға басымдық берді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61