САЯСАТ

Тоқаев Төтенше жағдайлар министріне бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдап, ведомствоның жұмысына қатысты басым бағыттарды айқындады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдады. Кездесу барысында министрліктің қазіргі жұмысы мен алдағы міндеттері талқыланды.

Президент төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға жедел әрекет ету жүйесін жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев маусымдық төтенше жағдайларға дайындықты күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар аудандық және ауылдық бөлімшелерді дамыту, олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесіне назар аударды.

Кездесуде өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік және сейсмологиялық қауіпсіздік бағыттары да қаралды. Халықты төтенше жағдайлар туралы дер кезінде хабардар ету жүйесін жетілдіру қажеттігі айтылды.

Мемлекет басшысы қауіп-қатерлерді алдын ала болжау және ерте анықтау үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды тапсырды.

Бұдан бөлек, ведомствоның кадрлық әлеуетін күшейтіп, құтқарушылардың кәсіби даярлығын арттыруға басымдық беру міндеттелді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61