ҚОҒАМ

Алматыда 2,5 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылатын жәрмеңке өтеді

Алматыда Еңбек күні мен қала күніне орай жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Іс-шарада 100 жұмыс беруші 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

15 қыркүйекте Алматыдағы Арбатта жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысында сағат 14:00-де басталады.

Жәрмеңкені Алматы қаласы әкімдігі мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырады.

Іс-шараға экономиканың түрлі салаларынан 100 жұмыс беруші қатысады. Олар 400-ден астам бос жұмыс орны бойынша шамамен 2,5 мың жұмыс орнын ұсынады.

Жәрмеңкеге келген тұрғындар жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, бос орындар, жалақы мөлшері, еңбек жағдайлары, әлеуметтік кепілдіктер және кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады.

Сонымен қатар қатысушыларға мемлекеттік жұмыспен қамту шаралары, кәсіптік оқыту бағдарламалары және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кеңес беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке жұмыс іздеушілерге бірнеше компания өкілімен бір жерде кездесіп, өз білімі мен тәжірибесіне сәйкес жұмыс табуға мүмкіндік береді.

Іс-шараға қатысу тегін. Жұмыс берушілермен кездесуді тиімді өткізу үшін келушілерге түйіндемесін өзімен бірге алып келу ұсынылады.

Өтетін күні: 15 қыркүйек 2026 жыл
Тіркеу: 13:00
Басталуы: 14:00
Мекенжайы: Алматы қаласы, Арбат, Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысы.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61