САЯСАТ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мённің шақыруымен Сеулге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Акорда
Сапар барысында Қазақстан мен Корея арасындағы саяси, экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.
15 қыркүйекте Сеулде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мённің келіссөздері өтеді. Кездесуде екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға қатысты мәселелер қаралады.
Мемлекет басшысы сапар аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен де кездеседі. Кездесулерде инвестиция тарту, өнеркәсіп, жаңа технологиялар және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағыттары сөз болады.
16 қыркүйекте Президент «Орталық Азия – Корея Республикасы» алғашқы саммитіне қатысады. Жиынға Орталық Азия елдерінің басшылары мен Корея Республикасының өкілдері қатысып, өңірлік ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын талқылайды.
Саммиттің күн тәртібінде сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестициялық әріптестік, энергетика, көлік-логистика, цифрландыру және стратегиялық маңызды ресурстар саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралады.
Мемлекеттік сапар Қазақстан мен Корея арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61