ҚОҒАМ
Жаз айларында Қазақстанның республикалық маңызы бар 28 ақылы автожол учаскесімен 25,8 млн-нан астам көлік жүрген. Ең жоғары көрсеткіш Алматы – Қонаев бағытында тіркелді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Sputnik
Қазақстанда жаз мезгілінде ақылы автожолдарға сұраныс артқан. 1 маусым мен 31 тамыз аралығында елдегі республикалық маңызы бар 28 ақылы жол учаскесі арқылы 25,8 млн-нан астам көлік өткен.
Үш айдың қорытындысы бойынша ақылы жолдарды тәулігіне орта есеппен 281 мыңға жуық көлік пайдаланған.
Көлік қозғалысы ең жоғары болған бағыт — Алматы – Қонаев автожолы. Маусым, шілде және тамыз айларында бұл учаскеден 4,3 млн-нан астам көлік өткені тіркелді.
Бұл көрсеткіш Алматы мен Қонаев арасындағы жолдың жазғы демалыс кезеңінде ең көп жүктеме түсетін бағыттардың бірі екенін көрсетеді. Аталған бағытты қала тұрғындары мен туристер, әсіресе демалыс күндері белсенді пайдаланады.
Қазақстанда ақылы жолдар жүйесі жолдардың сапасын сақтау, оларды күтіп ұстау және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қолданылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61