САЯСАТ

Тоқаев Hanwha Group вице-төрағасымен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонмен кездесіп, Қазақстан мен Корея арасындағы инвестициялық және технологиялық серіктестікті дамыту мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Кездесу барысында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы инвестициялық байланыстарды нығайту және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Hanwha Group компаниясына үлкен мән беретінін атап өтті. Президенттің пікірінше, компания Корея Республикасының стратегиялық маңызы бар бірнеше салада халықаралық деңгейде берік орны бар ірі бизнес топтардың бірі саналады.

Мемлекет басшысы Hanwha Group-қа Қазақстанның мүмкіндіктерін пайдаланып, Орталық Азия нарығына шығуға және бірлескен жобаларды іске асыруға ұсыныс білдірді.

Президент Қазақстан тарапының Hanwha Group-пен өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев тараптар арасындағы келісімдер нақты әрі өзара тиімді жобаларға айналатынына сенім білдірді.

Кездесу Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық байланыстарды жаңа бағыттармен толықтыруға және технологиялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61