ҚОҒАМ
Депутат Мейраш Шынасилова жүргізуші куәлігін алу кезінде азаматтардың емтихан тапсыруы, кезекке жазылуы және қайта сынақтан өтуіне байланысты мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Мейраш Шынасилова Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке депутаттық сауал жолдады.
Депутат жүргізуші куәлігін алу барысында азаматтар тап болатын қиындықтарға назар аударды. Оның айтуынша, кей жағдайда емтихан тапсыру үшін кезек күту мерзімі алты айға дейін созылады.
Бұл мәселе жүргізуші куәлігін алуға дайындалып жүрген азаматтардың уақытын жоғалтып, емтихан тапсыру процесін қиындатады.
Бұған дейін жүргізуші куәлігін алу рәсімін жетілдіру бойынша бірқатар шара әзірленген болатын. Атап айтқанда, азаматтарға емтиханды ақылы негізде шектеусіз тапсыру мүмкіндігін беру және әр әрекеттің арасында кемінде 10 күнтізбелік күн сақтау ұсынылды. Қазіргі тәртіпте үш тегін мүмкіндік қарастырылған: алғашқы екі талпыныс арасында бір күн, үшінші талпынысқа дейін 30 күн уақыт болуы керек.
Сонымен бірге емтихан қабылдау кезінде жасанды интеллект, толықтырылған шынайылық және компьютерлік көру технологияларын енгізу жоспарланған. Бұл емтихан барысын бақылауды күшейтіп, ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет алу үшін азамат автомектепте тиісті дайындықтан өтіп, теориялық және практикалық емтихан тапсыруы қажет.
Мейраш Шынасилова депутаттық сауалында осы саладағы мәселелерді шешіп, азаматтар үшін емтихан тапсыру рәсімін қолжетімді әрі тиімді ету қажеттігін көтерді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61