ДАМУ
Түркістан облысында тұзды және шөлейтті жерлерге ағаш көшеттерін өсірудің жаңа тәсілі енгізіліп жатыр. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен семинарда бұл әдістің нәтижесінде көшеттердің өнімділігі 90 пайыздан асқаны айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Түркістан әкімшілігі
Отырар ауданы мен Арыс қаласындағы «Түркістан мақта» ЖШС базасында өткен семинарға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, аудан және қала әкімдері, сондай-ақ көгалдандыру саласының мамандары қатысты.
Жиында терек пен гүлді өсімдіктерді өсірудің заманауи әдістері таныстырылды. Мамандар тұзды және шөлейтті топырақта көшеттердің өнімділігін арттыру жолдарын түсіндірді.
Облыс әкімі барлық аудан мен қалада тұқымбақтардың жұмысын жандандырып, жаңа технологияларды енгізу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, өңірдегі тұзды топырақта ағаш өспейді деген түсінік бұл тәжірибе арқылы жоққа шығарылған.
«Түркістан мақта» ЖШС аумағында өсірілген терек көшеттерінің өнімділігі 90 пайыздан асып отыр. Бұл тәжірибені облыстың басқа аумақтарына да енгізу жоспарлануда.
Сонымен қатар өңірде гүл шаруашылығын дамытуға басымдық берілмек. Елді мекендерді көгалдандыру үшін жалпы аумағы 5,37 гектар болатын жылыжай кешендерін құру жоспарланған. Онда 1 миллионнан астам гүл көшеті өсіріледі. Бұдан бөлек, облыстық орман шаруашылығының тұқымбақтарында 0,87 гектар аумақта 1,4 миллион түп гүл көшетін өсіру көзделген.
2021-2025 жылдары Түркістан облысында жалпы 3 миллионнан астам ағаш көшеті отырғызылған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61