ДАМУ

Қазақстан Дубаймен әуе қатынасын қайта бастайды

Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға тұрақты рейстерді қазан айынан бастап қайта іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: airastana.com

Air Astana Дубайға тұрақты әуе қатынасын қайта жандандыруды жоспарлап отыр. Алматы–Дубай–Алматы бағытындағы рейстер 1 қазаннан, ал Астана–Дубай–Астана бағыты бойынша ұшулар 2 қазаннан бастап орындалмақ.

Әуе компаниясы рейстер санын бірден емес, кезең-кезеңімен арттыруды көздеп отыр. Алматыдан Дубайға ұшу жиілігі бастапқыда аптасына 4 рейсті құрайды. Ай соңына дейін бұл көрсеткішті аптасына 12 рейске дейін жеткізу жоспарланған.

Астана–Дубай бағыты бойынша рейстер бастапқы кезеңде аптасына 3 рет орындалады. Қазан айының соңына қарай ұшу жиілігін аптасына 10 рейске дейін арттыру көзделіп отыр.

Қазақстандық жолаушылар үшін Дубайға тікелей ұшу мүмкіндігі біртіндеп кеңейеді. Рейстердің нақты кестесі әуе компаниясының жоспарларына және халықаралық бағыттардағы жағдайға байланысты қалыптастырылады.

Air Astana өкілдерінің мәліметінше, рейстер кестесі Таяу Шығыстағы ахуалға қарай өзгеруі мүмкін. Сондықтан жолаушыларға сапар алдында ұшу уақытын әуе компаниясының ресми ресурстарынан нақтылап алған жөн.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61