САЯСАТ

Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикерімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикпен кездесті. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті дамыту және парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Akorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикке ілтипат білдіріп, оны жоғары лауазымға сайлануымен құттықтады. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Корея Президенті Ли Чжэ Мёңмен өткен келіссөздердің нәтижесіне тоқталды. Оның айтуынша, тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру жөнінде маңызды уағдаластыққа қол жеткізген. 

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланысты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті. Қазақстан Парламенті мен Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы арасындағы парламентаралық диалог тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыруға бағытталған саяси реформалар туралы айтты. Президенттің мәліметінше, Конституцияға енгізілген өзгерістер елдегі жаңғыру үдерісіне жаңа серпін беруге бағытталған.

Кездесуде Қазақстан мен Корея арасындағы саяси, экономикалық және парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері де қаралды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61