ДАМУ

Астанада ұлттық ат спорты түрлерін дамытатын клуб ашылды

Елордада човган мен ат полосын дамытуға бағытталған «Astana Polo & Chovken Club» өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Астана әкімшілігі

Астанада ұлттық ат спорты түрлерін дамытуға бағытталған жаңа клуб жұмысын бастады. «Astana Polo & Chovken Club» човган және ат полосы бағыттарын қамтиды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, клуб 2024 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде оның спортшылары халықаралық жарыстарға қатысып, Қазақстанның атынан түрлі турнирлерде өнер көрсеткен.

Клубты ат спорты саласының еңбек сіңірген маманы Аманжол Хасенов басқарады.

«Astana Polo & Chovken Club» жұмысының негізгі бағыттары – човган мен ат полосын дамыту. Бұл спорт түрлері дәстүрлі ат мәдениетін заманауи спорттық талаптармен ұштастырады.

Клубтың ашылуы елордада ұлттық ат спортының танымалдылығын арттыруға және осы бағыттағы спортшылардың шеберлігін дамытуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61