ҚОҒАМ
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті 26-сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет және әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері қаралды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Түркістан әкімшілігі
Жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі тыңдалды. Мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов өңірдің өткен жылғы және 2026 жылдың жеті айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды.
Оның айтуынша, Түркістан облысы бірқатар негізгі көрсеткіш бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Осыған байланысты мәслихат депутаттары облыс әкімінің жұмысына жоғары баға берді.
Сессия барысында 2025 жылы Қазығұрт, Төлеби және Түлкібас аудандарына республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуына қатысты мәселелер де қаралды.
Бұдан бөлек, ветеринария, білім, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салалары бойынша басқармалардың атқарған жұмыстары талқыланды.
Депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесін де қарады. Сонымен қатар тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері белгіленді.
Күн тәртібінде әкімдік жанындағы бірқатар консультативтік және ведомствоаралық комиссиялардың құрамына қатысты мәселелер болды. Атап айтқанда, терроризмге қарсы комиссия, «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия, әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесі және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі комиссия қаралды.
Әкімшілік-аумақтық құрылыс бойынша Сауран ауданындағы бірқатар мәселе, елді мекендерді тарату, Арыс қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау, сондай-ақ облыстың қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасы талқыланды.
Сессияда барлығы 20 мәселе қаралып, депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
Жиынды қорытындылаған Нұралхан Көшеров өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде мәслихат пен атқарушы органдар арасындағы өзара жұмыстың маңызын атап өтті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61