ДЕНСАУЛЫҚ
Маңғыстау облысында биыл миокардит, онкологиялық аурулар және қант диабеті бойынша сырқаттану көрсеткіші артқан. Ең жоғары өсім миокардит бойынша тіркелді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
2025 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың алғашқы үш айында өңірде миокардитпен сырқаттану 33,3%-ға, онкологиялық аурулар 23%-ға, ал қант диабеті 8,6%-ға өскен.
Мамандардың айтуынша, инфекциялық емес аурулардың негізгі қауіп факторларына дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмендігі, артық салмақ және зиянды әдеттер жатады.
Осыған байланысты дәрігерлер дұрыс тамақтануға, тұрақты түрде дене шынықтыруға және профилактикалық медициналық тексерулерден өтуге кеңес береді. Ауруларды ерте анықтау емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61