САЯСАТ

Эльвира Азимова Конституциялық Сот төрағасы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұл лауазымды 2023 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Эльвира Азимова 1973 жылғы 15 ақпанда дүниеге келген. 1996 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «заңгер-халықаралық құқық маманы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Шымкент қаласындағы Дзержинский аудандық ішкі істер бөлімінде жедел кезекші пультінің операторы қызметінен бастаған.

1996–2019 жылдары Әділет министрлігінде түрлі лауазымдарда еңбек етіп, оның ішінде халықаралық құқық, заңнама және халықаралық шарттар бағыттарында басшылық қызметтер атқарды. 2013–2019 жылдары Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі болды.

2019–2022 жылдары Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарды. Сонымен қатар Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Конституциялық Сотқа төрағалық етіп келеді. 2026 жылғы 18 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен ол осы қызметке қайта тағайындалды.
 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61