ҚОҒАМ
19-20 қыркүйекте Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: ҚМДБ
Екі күнге жоспарланған шарада ҚМДБ-ның рухани-ағартушылық, қайырымдылық, ақпараттық, баспа, қажылық, уақып және цифрландыру бағыттарындағы жұмыстары таныстырылады. Сонымен қатар көрмеде Қазақстандағы және шетелдегі халал индустрия өкілдері өз өнімдері мен жобаларын ұсынады.
Көрмеге ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы, «Зекет және қайырымдылық» қоры, «Мүфтият» баспасы, «Мұнара» телеарнасы, «Тауаф Тревел» қажылық компаниясы, «Уақып» қоры, «Қамқор-Шарапат» орталығы және басқа да мекемелер қатысады.
Шараның негізгі бөлімдерінің бірі халал индустриясына арналады. Көрмеге Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайдан келген компаниялармен қатар, Қазақстанның бірқатар ірі өндірушілері қатысады. Келушілер ет және құс өнімдері, сүт өнімдері, кондитерлік тағамдар, сусындар, жартылай фабрикаттар мен басқа да халал өнімдерді тамашалай алады.
Көрме бағдарламасына цифрландыру тақырыбы да енгізілген. ҚМДБ қызметіне енгізіліп жатқан цифрлық жобалар мен технологиялық шешімдер көпшілікке таныстырылады.
Іс-шара барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен ресми ашылу рәсімі өтеді. Сондай-ақ халал индустриясы саласындағы үздік кәсіпорындарды марапаттау, мамандардың кездесулері мен дәрістері ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, екі күн ішінде рухани-ағартушылық кездесулер, сұхбаттар және арнайы таныстырылымдар өткізіледі.
«QMDB EXPO-2026» көрмесі 19-20 қыркүйек күндері сағат 09:00-18:00 аралығында Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42 мекенжайындағы «Бақшасарай» салтанат сарайында өтеді.
Көрмеге кіру тегін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61