ҚОҒАМ

Балабақша меңгерушісі қызметінен босатылды

Астанадағы мемлекеттік балабақшалардың бірінің меңгерушісі педагогтерді негізгі міндетіне қатысы жоқ жұмысқа тартқаны және бірқатар заң талаптарын бұзғаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Жасанды интеллект

Тексеру барысында балабақша меңгерушісінің педагогтерді олардың негізгі еңбек функциясы мен лауазымдық міндеттеріне қатысы жоқ жұмыстарға тартқаны анықталды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның терроризмге қарсы қорғалу талаптары бұзылған. Атап айтқанда, бөгде адамның тиісті рұқсатсыз және бақылаусыз балабақша аумағына кіруіне жол берілген.

Тексеру кезінде аталған адамның балабақша меңгерушісімен бұрын заңды некеде болған жұбайы екені анықталды. Алайда оның ұйым қызметіне қатысуына құқықтық негіз беретін еңбек шарты немесе өзге де тиісті келісімі болмаған.

Соған қарамастан, ол балабақша қызметкерлерінің дербес деректеріне рұқсатсыз қол жеткізген.

Заң талаптарына сәйкес дербес деректерді жинау, өңдеу, сақтау және оларға қол жеткізу белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс.

Аталған фактілер балабақша әдіскерінің және күндізгі күзет қызметкерінің түсініктемелерімен, сондай-ақ бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде расталды.

Тексеру қорытындысы бойынша меңгеруші тарапынан қызметкерлердің дербес деректерін бөгде тұлғаға рұқсатсыз ұсыну, тарату және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету фактілері анықталды.

Анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, балабақша меңгерушісімен еңбек шарты бұзылып, ол атқаратын қызметінен босатылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61