СПОРТ

Қазақстан құрамасы Азиада-2026-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстанның әйелдер арасындағы үстел теннисі құрамасы Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында Мальдив аралын 3:1 есебімен жеңіп, топтық кезеңдегі алғашқы жеңісін тіркеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: olympic.kz

Қазақстандық үстел теннисшілер Азиада-2026 аясындағы командалық жарыстың екінші кездесуін өткізді. Топтық кезеңде ұлттық құрама Мальдив аралының спортшыларымен кездесті.

Тартысты өткен матч қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен басым түсті. Бұл – қазақстандықтардың биылғы Азия ойындарындағы әйелдер арасындағы командалық бәсекедегі алғашқы жеңісі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізіп, 0:3 есебімен жеңілген еді. Сол кездесуде ел намысын Зауреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова және Жанерке Кошкумбаева қорғады. 

Мальдив аралына қарсы кездесуден кейін Қазақстан С тобында екінші орынға жайғасты. Құрама сапында Зауреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Кошкумбаева, Альбина Жаксылыкова және Ангелина Романовская бар. 

Аичи-Нагоядағы ХХ Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтіп жатыр. Биылғы додаға 45 ел мен аумақтан шамамен 17 мың спортшы мен ресми өкіл қатысуда.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61