ҚОҒАМ

Атырау мұнай өңдеу зауыты экологиялық жобаларға 67 млрд теңгеден астам қаржы бағыттайды

Атырау мұнай өңдеу зауыты 2030 жылға дейін қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 16 жобаны жүзеге асырып, оған 67 млрд теңгеден астам қаржы бөлмек, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Атырау мұнай өңдеу зауыты 2030 жылдың соңына дейін экологиялық бағыттағы 16 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы кәсіпорынның бас директоры Мұратжан Мұсайбеков брифинг барысында мәлімдеді.

Жоспарланған жобалардың қатарында кокстеу камералары блогын және факел газдарын қайтару блогын салу бар. Кокстеу камералары блогын іске қосу жыл сайынғы ластаушы заттар шығарындыларын 131,7 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Ал факел газдарын қайтару блогы көмірқышқыл газының жыл сайынғы шығарындыларын 97 928 тоннаға қысқартуға ықпал етеді.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, 2020-2026 жылдар аралығында зауыттың атмосфераға шығаратын шығарындылары 20,1 мың тоннадан 14 мың тоннаға дейін төмендеген. Ал ластаушы заттардың төгінді көлемі 23,2 мың тоннадан 6,7 мың тоннаға дейін қысқарған.

2021-2025 жылдары, кәсіпорын табиғатты қорғау шараларына 51,3 млрд теңге бағыттаған. Tazalyq жобасы аясында механикалық тазарту құрылыстары қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде булану алаңдарына түсетін ағынды сулардағы мұнай өнімдерінің мөлшері үш есеге азайған.

Қазір бұл аумақтар құстардың әртүрлі түрлерінің мекен етуі және ұя салуы үшін қолайлы орынға айналған. Олардың арасында сирек кездесетін құс түрлері де бар.

Сонымен қатар зауыт бюджетке салық түсімдерін де қамтамасыз етіп отыр. 2026 жылдың сегіз айында АНПЗ түрлі деңгейдегі бюджеттерге 143,3 млрд теңге салық аударған. Оның 132,7 млрд теңгесі Атырау бюджетіне, 10,6 млрд теңгесі республикалық бюджетке түскен.

2025 жылы кәсіпорынның салықтық төлемдері 196 млрд теңгені құраған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61