ҚОҒАМ
Алматыда Қала күніне орай 19–20 қыркүйекте мәдени және спорттық бағдарламалар ұйымдастырылды. Мерекелік шараларға екі күн ішінде 1 миллионнан астам тұрғын мен қала қонағы жиналды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Алматы әкімшілігі
Қала күніне арналған іс-шаралар Алматының орталық алаңдарымен қатар, барлық сегіз ауданында ұйымдастырылды. Тұрғындар мен қонақтарға концерттер, фестивальдер, көрмелер, спорттық жарыстар және балаларға арналған бағдарламалар ұсынылды.
Абай алаңында қала әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен мерекелік концерт өтіп, «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстау рәсімі ұйымдастырылды. Сахнада «Сазген сазы» ансамблі, Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері, ASU тобы және «Алатау» дәстүрлі өнер театры өнер көрсетті. Кештің арнайы қонағы D Billions музыкалық шоуы болды.
Астана алаңында «Almaty Vibes», «Almaty Zhuldyzy» бағдарламалары өтіп, танымал қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетті. Кеш соңында Алматы тарихына арналған 3D Mapping Show көрсетілді.
Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде концерттер мен шығармашылық бағдарламалар ұйымдастырылды. Ал Kitap Fest кітап жәрмеңкесіне 60-тан астам баспа үйі мен кітап дүкені қатысып, оған 50 мыңнан астам адам келген.
Мерекелік бағдарлама аясында алма жәрмеңкесі де өтті. Жергілікті өндірушілер алманың 50-ге жуық түрін ұсынып, 250 тоннадан астам өнім сатылды.
Сонымен қатар Масанчи көшесінде Сәтбаев даңғылынан Абай даңғылына дейінгі аумақта Алматыдағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды. Жаңа кеңістік тамақтану орындары мен демалыс аймақтарын біріктірді.
Қала күнінің екі күндік бағдарламасы музыка, ұлттық өнер, заманауи мәдениет, әдебиет, спорт және гастрономия бағыттарын қамтыды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61