СПОРТ

Қазақстандық спортшы Азиада тарихындағы ММА-дан алғашқы медалін алды

Қазақстандық ММА шебері Санжар Әділов Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында ел қоржынына жетінші медальді салды. Спортшы аралас жекпе-жектен Қазақстан тарихындағы алғашқы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Санжар Әділов Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында 65 келіге дейінгі салмақта (traditional) өнер көрсетті. Ширек финалда ол ирандық Афшин Салими Тупгариден басым түсті.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы тәжікстандық Отабек Раджабовпен кездесіп, жеңіліп қалды. Азиада ережесіне сәйкес, бұл санатта үшінші орын үшін бөлек жекпе-жек өткізілмейді. Сондықтан Санжар Әділов жарысты қола медальмен аяқтайды.

Бұл – Қазақстанның Азия ойындарындағы ММА бойынша алғашқы медалі. Айта кетейік, аралас жекпе-жек 2026 жылы Азиада бағдарламасына алғаш рет енгізілді.

Санжар Әділовтің жүлдесі Қазақстан құрамасының Жапониядағы Азия ойындарындағы медаль қорын толықтырды. Ел спортшылары жарыстың түрлі спорт түрлері бойынша жүлдеге таласып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61