ДАМУ

ШҚО-да таулы туризм табыс көзіне айналды

Шығыс Қазақстан облысына жыл басынан бері 200 мыңға жуық турист келген. Өңірдің табиғаты отандық және шетелдік саяхатшылардың қызығушылығын арттырып, таулы туризмді дамытуға серпін беріп отыр, деп хабарлайды Bugin.kz.
 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында туризм саласы қарқынды дамып келеді. Өңірге келген қонақтардың бір бөлігі табиғи көрікті жерлерді тамашалауға қызықса, шетелдік туристер тарихи және мәдени нысандарға басымдық береді.

Туристерге бағыт-бағдар көрсету мақсатында әр бағыт бойынша арнайы туристік карталар әзірленген. Қазіргі таңда өңірде қонақтарды қабылдап, саяхат ұйымдастыруға арналған 23 аумақ белгіленді.

Олардың басым бөлігі таулы аймақтарда орналасқан. Мұнда жаяу серуендеу, табиғатты тамашалау және белсенді демалыс түрлерін дамытуға мүмкіндік бар.

Туристер санының артуы жергілікті кәсіпкерлікке де әсер етуде. Қонақүй, тамақтану, көлік және гид қызметтеріне сұраныс көбейіп, туризм өңір тұрғындары үшін қосымша табыс көзіне айналып келеді.

Шығыс Қазақстанның табиғи әлеуетін тиімді пайдалану арқылы таулы туризмді одан әрі дамыту көзделіп отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61