САЯСАТ
Қазақстан мен Оңтүстік Корея ғылым, білім, жасанды интеллект және технология салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтеді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Real Digital
15 қыркүйекте Қазақстан мен Корея ғылыми-технологиялық кадрларды даярлау бағытында рамалық келісімге келді. Оның негізгі бастамаларының бірі – кореялық KAIST үлгісіндегі Қазақстанның ғылым және технология институтын құру. Жоба аясында студенттер алмасуы мен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу жоспарланып отыр.
Білім беру саласындағы тағы бір бағыт – SeoulTech университетімен ынтымақтастық. 14 қыркүйекте Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен SeoulTech арасында өзара түсіністік туралы хатқа қол қойылды. Құжат әзірге тараптардың ынтымақтастық ниетін бекітеді.
Сеулде «Корея – Орталық Азия» форматындағы жасанды интеллект, ғылым және технология жөніндегі алғашқы министрлік кездесу өтті. Оған Орталық Азияның бес мемлекеті мен Корея өкілдері қатысты.
15 қыркүйекте Samsung Electronics пен QAIRU арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Университет базасында Samsung Innovation Campus оқу сыныбы жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар компанияның жасанды интеллект бойынша оқу материалдарын білім беру бағдарламасына енгізу қарастырылған.
Осылайша Қазақстан мен Корея арасындағы технологиялық серіктестік ғылым, білім, маман даярлау және заманауи технологияларды енгізу бағыттарын қамтып отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61