САЯСАТ
Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысы қаралып, Семей, Степногорск және Петропавл қалаларындағы жұмыстарды жедел аяқтау тапсырылды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Үкімет
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Павлодар облысында жылу беру маусымы басталды. Осы аптаның соңына дейін Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 1 қазанға дейін солтүстік және шығыс өңірлердің қалған бөлігінде жылу беру жоспарланған.
Қазіргі таңда еліміздің өңірлерінде жылу желілерін жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Энергия көздерінде жылу беру маусымын бастауға қажетті отын қоры жасақталып, негізгі жабдықтар дайындалған.
Алайда Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында дайындық жұмыстары әлі толық аяқталмаған.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов аталған қалалардағы жағдайды ерекше бақылауға алуды тапсырды.
«Бірқатар өңірде жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған. Аталған өңір әкімдері жылу беру мәселесін тікелей бақылауға алсын. Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылу жүйесін іске қосуға баса назар аудару қажет», – деді Олжас Бектенов.
Жылу беру маусымына дайындықты бақылау және жұмыстарды үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61