ҚОҒАМ
Қазақстанда жол қауіпсіздігін арттыру шараларының нәтижесінде жол-көлік оқиғалары 5%-ға, қаза тапқандар 15%-ға, зардап шеккендер 6%-ға азайды. ІІМ жолдардағы орташа жылдамдықты бақылау учаскелерін көбейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Үкімет
Министрдің айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны 5%-ға, қаза тапқандар саны 15%-ға, ал зардап шеккендер саны 6%-ға азайған.
Жол қозғалысын бақылауда цифрлық технологиялар мен арнайы бағдарламалық кешендерді қолдану кеңейіп келеді. Қазіргі таңда салалық сервистер «ТОР» платформасына біріктірілген.
Сонымен қатар жасанды интеллект арқылы көліктерге бақылау жүргізіледі. Жүйе рөлде 8 сағаттан артық отырған жүргізушілерді, ұрланған көліктерді және басқа да заң бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
«Қорғау» жүйесі арқылы іздеуде жүрген көліктер, жалған мемлекеттік нөмір таққан автокөліктер және жол ережесін өрескел бұзатын жүргізушілер анықталады. Бұдан бөлек, жол ережесін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін жүйелердің саны арттырылып жатыр. Қазіргі таңда олардың саны 28 мыңнан 32 мыңға дейін жеткізілген.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі де қолданылады. Министрдің мәліметінше, мұндай жүйелер орнатылған учаскелерде жол-көлік оқиғалары 10%-ға, қаза тапқандар саны 33%-ға, ал жарақат алғандар саны 12%-ға азайған.
Қазіргі уақытта орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жалпы ұзындығы 2 800 шақырым болатын 12 учаскеде жұмыс істейді. Жыл соңына дейін Көлік министрлігімен бірлесіп тағы 16 учаскеде осындай жүйені орнату жоспарланған. Олар қосымша 2 800 шақырым жолды қамтиды.
Осылайша, жыл соңына дейін орташа жылдамдықты өлшейтін жүйелердің жалпы қамту аумағы 5 600 шақырымды құрайтын 28 учаскеге жетеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61