ДАМУ

METU-де цифрлық білім беруге арналған Media Studio ашылды

21 қыркүйекте Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) заманауи Media Studio студиясының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Жаңа студия цифрлық білім беру контентін әзірлеуге, қашықтан оқыту сапасын арттыруға және мультимедиялық жобаларды жүзеге асыруға арналған. Мұнда онлайн-курстар, бейнедәрістер, подкасттар, сұхбаттар, сараптамалық және ғылыми-танымдық бағдарламалар дайындалады.

Media Studio кәсіби бейнекамералармен, жарық және дыбыс жазу құрылғыларымен, микрофондармен және монтаж аймағымен жабдықталған. Сонымен қатар студияда арнайы подкаст аймағы мен бейнетүсірілім алаңы бар.

«Бүгінде университеттің міндеті – білімді тек аудиторияда берумен шектелмей, оны заманауи, түсінікті әрі қолжетімді форматта ұсыну. METU Media Studio оқытушылар мен студенттердің тың идеяларын сапалы цифрлық өнімге айналдыратын кәсіби және шығармашылық алаң болады», – деді университет ректоры Д.Б. Ақпанбетов.

Студия оқытушыларға авторлық онлайн-курстар мен бейнедәрістер әзірлеуге мүмкіндік берсе, студенттерге сценарий жазу, түсірілім, подкаст жүргізу және бейнематериалдарды өңдеу бағытында тәжірибе жинауға жағдай жасайды.

Алдағы уақытта студияда цифрлық контент әзірлеу семинарлары, студенттік подкасттар, ғылыми-танымдық бағдарламалар және сарапшылармен сұхбаттар ұйымдастыру жоспарланған.

METU Media Studio университеттің цифрлық трансформациясын дамытуға және білім беру мазмұнын заманауи форматта ұсынуға бағытталған жаңа шығармашылық кеңістік болмақ.

Студия Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің №1 оқу ғимаратындағы 71-аудиторияда орналасқан.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61