ДАМУ
Қазақстан алғаш рет MICHELIN Guide халықаралық гидінің географиясына енді. MICHELIN Key Selection 2026 жинағына еліміздің бес қонақүйі кіріп, арнайы MICHELIN Key белгісіне ие болды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөздер
Халықаралық тізімге Астана мен Алматы қалаларындағы бес қонақүй енді. Олар:
• The Veil Hotel (Астана)
• The St. Regis Astana
• The Ritz-Carlton, Astana
• The Ritz-Carlton, Almaty
• Tenir Eco Hotel (Алматы)
MICHELIN Key — қонақүй индустриясындағы беделді халықаралық белгілердің бірі. Ол ерекше қонақүй тәжірибесін ұсынатын нысандарға беріледі. Бағалау барысында қонақүйдің архитектурасы мен дизайны, қызмет көрсету деңгейі, жайлылығы, орналасуы және қонақтарға ұсынатын жалпы тәжірибесі ескеріледі.
Қазақстанның MICHELIN Guide жүйесіне алғаш рет қосылуы елдің туризм және қонақжайлылық саласы үшін маңызды жаңалық болды. Халықаралық гидтің тізіміне енуі қазақстандық қонақүйлерді әлемдік аудиторияға танытуға және елдің туристік әлеуетін кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді.
Астана мен Алматыдағы бес қонақүй халықаралық MICHELIN Key Selection 2026 жинағынан орын алып, Қазақстанның әлемдік қонақжайлылық картасындағы жаңа бағыт ретінде танылуына үлес қосты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61