СПОРТ

Дастан Сәтпаев EA FC 27 ойынына қосылды

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев EA FC 27 ойынында «Бернли» клубының ойыншысы ретінде ресми енгізілді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев EA FC 27 футбол симуляторында пайда болды. Ойын базасында ол ағылшынның «Бернли» клубының ойыншысы ретінде көрсетілген. Сәтпаевтың жалпы рейтингі – 68 балл.

Ойыншының басты артықшылығы – жылдамдығы. Оның жылдамдық көрсеткіші 83 балл болса, қозғалыс көрсеткіші 85 балға бағаланған. Ал қорғаныс көрсеткіші – 27 балл.

Алайда ойынның алғашқы кадрлары әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Көпшілік виртуалды футболшының сыртқы келбеті Дастан Сәтпаевқа ұқсамайтынын айтып, ойын әзірлеушілерінің жұмысына сын білдірді.

Кейбір қолданушылар Сәтпаевтың сыртқы келбеті кейінгі жаңартулардың бірінде өзгертілуі мүмкін деген пікір білдірді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61