САЯСАТ
Қазақстанда жол қауіпсіздігін күшейту үшін бақылау шаралары арттырылып, жүргізушілерді даярлау талаптарын қатаңдату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ukimet
ІІМ орынбасары Игорь Лепеханың мәліметінше, жыл басынан бері мас күйінде көлік басқарғаны және қарсы жолаққа шыққаны үшін 21,5 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылған. Оның ішінде 17 мыңнан астамы мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылған. Сонымен қатар 18,3 мыңнан астам азамат әкімшілік қамауға алынған.
Электр самокаттарды пайдалану тәртібіне де бақылау күшейді. Қазір айыппұл тұрақтарында 9,5 мыңға жуық самокат бар, олардың 5 мың иесі жауапкершілікке тартылған. Талаптарды бұзған шерингтік компанияларға қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазақстан жолдарында қауіпсіздікті бақылау үшін 500-ге жуық мобильді кешен және 300-ге жуық дрон қолданылуда. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 67%-ы техникалық құралдар арқылы тіркеледі.
Жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру үшін авто мектептерді ашуға рұқсат беру тәртібін енгізу жоспарланып отыр. Оқу базасы, көліктер және оқытушылардың талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
Stadler вагондары сынақтан өтіп жатыр. Оларды қазан-қараша айларында пайдалануға беру жоспарланған. Астананың ескі теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қазан айының соңында аяқталады деп күтілуде. Жалпы ел бойынша 124 вокзал жаңғырту жұмыстарына қамтылып, 110-ында жұмыс аяқталған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61