САЯСАТ

Конституциялық сот құрамына жаңа судьялар келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында Конституциялық соттың бірқатар судьясын тағайындау туралы шешім қабылдады. Жаңа құрамға 10 маман енді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Президент тағайындаған судьялар қатарында Сәкен Абдолла, Лейла Сұлтанқызы Жақаева, Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев, Айжан Ержанқызы Жатқанбаева, Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева, Қанат Сергейұлы Мусин, Бақыт Маратұлы Нұрмұханов, Сергей Васильевич Скрябин, Аслан Султанович Тукиев және Сергей Федорович Ударцев бар.

Конституциялық сот елдегі конституциялық бақылауды жүзеге асыратын тәуелсіз мемлекеттік орган ретінде жұмыс істейді. Оның құрамына төраға мен 10 судья кіреді. Судьялардың өкілеттік мерзімі сегіз жылды құрайды.

Жаңа құрамдағы кейбір судьялар бұл қызметті бұған дейін де атқарған. Олардың қатарында Қайрат Жақыпбаев, Айжан Жатқанбаева, Айгүл Қыдырбаева, Қанат Мусин, Бақыт Нұрмұханов және Сергей Ударцев бар.

Аталған судьялар 2026 жылы Конституциялық сот қабылдаған нормативтік қаулылардың бірқатарына қол қойған.
 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61