ДАМУ

Дженсен Хуанг алғаш рет Қазақстанға келеді

NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг алғаш рет Қазақстанға келеді. Ол 23 қазанда Астана қаласында өтетін AI Month аясында арнайы іс-шараға қатысады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Дженсен Хуанг NVIDIA компаниясын 1993 жылы серіктестерімен бірге құрған және содан бері компанияны басқарып келеді. Алғашында NVIDIA компьютерлік ойындарға арналған графикалық процессорлар шығарса, бүгінде оның технологиялары жасанды интеллект индустриясының негізгі инфрақұрылымдарының біріне айналды.

Хуанг Кремний алқабындағы ең танымал технологиялық компания басшыларының бірі саналады. Оның дәстүрлі қара былғары күртесі де NVIDIA басшысының өзіндік стиліне айналған.

Астанада Дженсен Хуанг alem.ai орталығында сөз сөйлеп, жасанды интеллектінің дамуы, AI мамандарын даярлау және Орталық Еуразияның әлемдік технологиялық кеңістіктегі орны туралы пікір бөліседі.

AI Month 23 қыркүйекте HackAlem AI халықаралық хакатонымен басталады. Хакатон қатысушыларына NVIDIA технологияларына қол жеткізіп, өз жобаларын әзірлеу және сынақтан өткізу мүмкіндігі беріледі.

Астана бір ай бойы жасанды интеллект саласындағы халықаралық іс-шаралар өтетін негізгі алаңдардың біріне айналмақ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61