ҚОҒАМ

Қазақстанда мұнай өңдеу қуаты 28,8 млн тоннаға дейін артады

Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауытының қуатын кеңейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар елде төртінші МӨЗ салу мәселесі жыл соңына дейін шешілуі тиіс, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ukimet

Премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында қолданыстағы зауыттарды жаңғырту және жаңа төртінші мұнай өңдеу зауытын салу жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

2030 жылға қарай Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланған. Павлодар мұнай-химия зауытының қуаты 2031 жылға қарай 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін ұлғаймақ.

Атырау мұнай өңдеу зауытында да өндіріс тиімділігін арттыру жобасы іске асырылып жатыр. Жоба 2027 жылы аяқталып, кәсіпорын қуаты 5,5 млн тоннадан 6,1 млн тоннаға дейін жеткізіледі.

Үш зауытты кеңейту жобалары толық жүзеге асқан жағдайда олардың жалпы қуаты жылына 17,5 млн тоннадан 28,8 млн тоннаға дейін артады.

Кеңес барысында төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі де талқыланды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанға жылына 40 млн тоннаға дейін мұнай өңдеу қуаты қажет болуы мүмкін.

Олжас Бектенов жыл соңына дейін төртінші МӨЗ бойынша кешенді бағалауды аяқтап, оның қуатын, орналасатын жерін, шикізат базасын және экономикалық моделін анықтауды тапсырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61