ҚОҒАМ
Батыс Қазақстан облысында биыл экологиялық акцияларға 135 мыңнан астам адам қатысқан. Өңірде 6,2 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, 18,8 мың гектар аумақ тазартылған, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Жасанды интеллект
БҚО-да жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Өңірдің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәліметінше, экологиялық шараларға 135 418 адам қатысқан.
Жалпы 18 806,5 гектар аумақ тазартылып, 6 257,8 тонна қоқыс шығарылған. Сондай-ақ 36 327 түп ағаш отырғызылған.
1 сәуір мен 10 мамыр аралығында облыста санитарлық-экологиялық айлық өтіп, «Тазару күні», «Таза өлке», «Таза қала – Таза ауыл», «Мөлдір бұлақ» және «Таза аула» акциялары ұйымдастырылды.
Облыста 200-ге жуық су нысаны бар. Олардың жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
25 сәуірде Жайық пен Шаған өзендерінің аралығында «Жасыл болашақ» акциясы өтіп, оған 500-ге жуық адам қатысты.
11 шілдеде «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында үш бұлақ пен 14 су қоймасының жағалауы тазартылды. Ал 19 қыркүйектегі «World Clean-up Day» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысып, 400 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Тазалық жұмыстары Орал қаласы мен облыстың 12 ауданын қамтыды. Саябақтар, скверлер, аулалар, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Басқарманың хабарлауынша, акцияларға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар, жастар мен еріктілер тартылған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61