ҚОҒАМ
Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ғимараттың бір бөлігі опырылған. Оқиға түнгі уақытта болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 23 қыркүйек күні сағат 23:00-ден кейін болған. Куәгерлердің айтуынша, қатты дыбыстан ғимараттың бір бөлігі құлағанын байқаған.
Әлеуметтік желілерде оқиға кезінде ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілмегені және тұрғындар құтқару қызметтерінің келуін күткені туралы жазбалар тарады. Бұл мәліметтер әзірге ресми түрде нақтыланбаған.
ҚазҰУ-дың ресми мәліметінше, Студенттер сарайы шамамен 30 жыл бойы күрделі жөндеуден немесе реконструкциядан өтпеген. Осы уақыт ішінде ғимараттың құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелері табиғи түрде тозған.
Осы уақытқа дейін жүргізілген техникалық зерттеу барысында ғимараттың бірнеше бөлігінде ақаулар анықталған. Атап айтқанда, кейбір тіреуіш конструкциялар мен темірбетон элементтерінің жағдайы қанағаттанарлықсыз болған.
Оқиғаның нақты себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61