ДАМУ
Астана Lonely Planet басылымының Best in Travel 2027 жыл сайынғы туристік бағыттар тізіміне енді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Халықаралық туристік басылым елорданы 2027 жылы саяхаттауға ұсынылған 25 бағыттың қатарына қосты. Астана «Best for futuristic skylines» санатында футуристік сәулетімен ерекшеленетін қала ретінде ұсынылған.
Lonely Planet авторлары елорданың заманауи архитектурасы мен ерекше қалалық келбетіне назар аударған. Басылым Астананың басты көрікті орындары қатарында «Бәйтерек», «Хан Шатыр», Бейбітшілік және келісім сарайы және «Қазақстан» Орталық концерт залын атады.
Астананың сәулеттік ансамблі заманауи ғимараттар мен ерекше пішіндегі нысандардың үйлесімімен ерекшеленеді. Бұл елорданың туристер үшін тартымды бағыт ретінде халықаралық деңгейде танылуына ықпал етіп отыр.
Best in Travel тізімі саяхатшыларға алдағы жылы баруға болатын бағыттарды таныстыратын Lonely Planet-тің жыл сайынғы жобасы саналады. Астананың тізімге енуі Қазақстан елордасының халықаралық туристік картадағы танымалдығын арттыра түспек.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61