ҚОҒАМ

Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Маңғыстау облысында әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райының күрт нашарлауынан 19 әскери қызметші теңізге түсіп кеткен. Тоғыз адам қаза тауып, үшеуі құтқарылды, тағы жеті әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Жасанды интеллект

Маңғыстау облысында әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болды. 24 қыркүйекте ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюінен әскери қызметшілердің бір бөлігі теңізге түсіп кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, суда 19 әскери қызметші болған. Олардың тоғызы қаза тапты. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта тағы жеті әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздестіру-құтқару операциясына Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері, Төтенше жағдайлар министрлігі, авиация және басқа да қызметтер жұмылдырылған.

Оқиға орнына Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы жіберілді. Комиссия қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтап, іздеу жұмыстарын үйлестіреді.

Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61