МӘДЕНИЕТ
25 қыркүйекте Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде суретші Бәтима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған «Мұра жіптері» көрмесі ашылады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Жасанды интеллект
Көрмеде Бәтима Зәуірбекованың шығармашылық жолын қамтитын 80-нен астам туынды қойылады. Экспозициядан гобелен, кескіндеме және графикалық жұмыстармен қатар, суретшінің эскиздері, архивтік фотосуреттері мен бейнематериалдарын көруге болады.
Суретшінің шығармашылығында қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, ұлттық өнері, табиғаты мен тарихы ерекше орын алады. Оның туындыларында адам мен табиғаттың үндестігі, ұрпақтар сабақтастығы, отбасы мен ана тақырыбы көрініс табады.
Көрермендер суретшінің «Жазық» (1976), «Жер-Ана» (1984), «Аналық мейірім» (2004) сияқты таңдаулы гобелендерімен де таныса алады. Бұл еңбектер қазақтың көркем тоқыма өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан туындылар ретінде ұсынылады.
Бәтима Зәуірбекованың туындылары Қазақстанмен қатар Франция, Түркия, Италия, Швейцария елдерінде де көрермен назарына ұсынылған.
Көрме 25 қыркүйек пен 8 қараша аралығында өтеді. Музейдің жұмыс уақыты – 10:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күні – дүйсенбі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61