ҚОҒАМ
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 12 әскери қызметшінің бірі – 20 жастағы Сержан Аяпберген. Ол самбо мен дзюдодан түрлі жарыстарға қатысып, спорттық жетістіктерге жеткен, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Сержан Аяпберген әскерге шақырылғанға дейін самбо және дзюдомен айналысқан. Ол Маңғыстау облысының намысын түрлі республикалық және халықаралық жарыстарда қорғаған.
Жас спортшы самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанып, ТМД студенттері арасындағы жарыстарда да жүлделі орындарға ие болған. Сонымен қатар дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлерге қатысқан.
Сержан Аяпберген 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің қатарында болды.
Еске салайық, қайғылы оқиғаға байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61