ҚОҒАМ
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған оқиғаға байланысты бес лауазымды әскери қызметші ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Polisia.kz
Ұсталғандардың арасында Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскерлері ротасының командирі және «Қайсар» катерінің командирі бар.
Олар қызметтік міндеттеріне салғырт қарады және корабль жүргізу талаптарын бұзды деген күдікке ілінді. Аталған әрекеттер ауыр зардаптарға әкелген болуы мүмкін.
Қазір тергеу органдары оқу-жаттығу кезінде қабылданған шешімдерді тексеріп жатыр. Сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының орындалуы, ауа райы жағдайының ескерілуі және катердің техникалық жағдайы зерттелуде.
Бұдан бөлек, оқу-жаттығуды ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың әрекеті мен әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына құқықтық баға берілмек.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61