ҚОҒАМ
Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесінің бірінші сессиясында Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылатынын айтты.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Президенттің сөзінше, реформалардың қорытынды кезеңі барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізумен аяқталады. Қазіргі депутаттар өкілеттігін Конституция мен заңдарда көзделген негіздер бойынша тоқтатқанға дейін сақтайды.
Тоқаев мәслихат депутаттарының басым бөлігі Amanat партиясынан сайланғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл партия «Әділетке» қосылғандықтан, өз қызметін тоқтатқан.
«Заңдық рәсімдер жақын уақытта аяқталады, содан кейін мәслихаттар депутаттарының басым бөлігінің легитимділігі мәселесі туындайды», — деді мемлекет басшысы.
Президент мәслихаттар азаматтардың жергілікті жердегі мүддесін білдіру, бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау міндеттерін толық атқаруы тиіс екенін жеткізді. Осыған байланысты ол жақын уақытта премьер-министрмен және Күрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде консультация өткізетінін айтты. Содан кейін тиісті жарлыққа қол қояды.
Бұдан кейін Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлаудың күнін белгілеуі керек. Президент бұл қадам мәслихаттардың білікті әрі кәсіби құрамын қалыптастырып, олардың жұмысына жаңа серпін беретінін айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61