ҚОҒАМ
Алматы тұрғындары бүгін таңертең жер сілкінісін сезінді. Қала тұрғындары шамамен сағат 06:32-де жерасты дүмпулерін байқаған, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
28 қыркүйек таңертең Алматыда жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен қалалық чаттарда тарады. Тұрғындардың айтуынша, дүмпулер бірнеше секунд сезілген.
Жер сілкінісі туралы деректер Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) ресурстарында да пайда болды. Алайда сейсмикалық оқиғаның нақты магнитудасы мен эпицентрінің координаттары әзірге нақтыланбаған.
Сонымен қатар тұрғындарға «Ұлттық оповещение» жүйесі арқылы ескерту келді. Хабарламада жер сілкінісі болғаны айтылып, келесі нұсқауларға дейін ашық кеңістікте болу ұсынылған.
Төтенше жағдай немесе ғимараттың зақымдануы байқалған жағдайда Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел желісіне 279-22-32 нөмірі арқылы хабарласу сұралды.
Егер адам ғимарат ішінде қалып қойса, сабыр сақтап, сенім телефоны арқылы өзінің орналасқан жері туралы ақпарат беру қажет.
Қазіргі уақытта жер сілкінісінің нақты параметрлері мен зардаптары туралы қосымша ақпарат нақтыланып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61