САЯСАТ

Айдос Мырзахметов – Қазақстанның жаңа Қорғаныс министрі

Генерал-майор Айдос Мырзахметов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерін басқарған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Айдос Мырзахметов 1981 жылғы 12 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақстан Қарулы күштері Әскери академиясын үздік тәмамдаған. Кейін ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік күзет жүйесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2024 жылғы қаңтарда Мырзахметов Қазақстан Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

Оның қолбасшылығы кезінде Қазақстан Қарулы күштері тарихында алғаш рет Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері үшін күрең қызыл берет тағу құқығына арналған біліктілік сынағы өткізілді. Сынақтан 29 әскери қызметші өтті.

2025 жылы Мырзахметов Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдады. 2022 жылы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. 2026 жылы оған генерал-майор әскери атағы берілді.

Айдос Мырзахметов әскери қызметке 20 жылдан астам уақытын арнаған. Енді ол Қорғаныс министрлігіне басшылық етеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61