ҚОҒАМ
1 қазаннан бастап шетел валютасындағы кейбір жинақ депозиттерінің шекті мөлшерлемесі 1%-дан 2,5%-ға дейін өседі, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Жасанды интеллект
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелерді реттеуді жеңілдету аясында жаңа өзгерістер енгізеді.
Өзгеріс мерзімі 12 айдан асатын шетел валютасындағы жинақ депозиттеріне қатысты болады. Мұндай салымдар бойынша шекті мөлшерлеме жылдық 1%-дан 2,5%-ға дейін көтеріледі.
Жаңа мөлшерлемелер 2026 жылғы 1 қазаннан кейін ашылған немесе пролонгацияланған депозиттерге ғана қолданылады.
Бұл ретте шекті мөлшерлеме валюталық депозиттер бойынша сыйақыны белгілеудегі ұсынылатын жоғарғы шек болып саналады. Ал банктер өз депозиттік өнімдері бойынша нақты мөлшерлемені дербес белгілейді.
Ал мерзімді және талап етілмелі депозиттерге, сондай-ақ мерзімі 12 айға дейінгі жинақ салымдарына қатысты шекті мөлшерлеме өзгермейді. Ол жылдық 1% деңгейінде сақталады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61