ҚОҒАМ

Қазақстанда жерасты суының қоры қанша?

Қазақстанда тәулігіне 43 млн текше метр жерасты суының қоры бекітілген, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Жасанды интеллект

29 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде жерасты суын зерттеу және игеру мәселесіне арналған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев пен Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы қатысты.

Жайық Ерікұлының айтуынша, Қазақстандағы жерасты суының жалпы бекітілген қоры тәулігіне 43 млн текше метрді құрайды. Алайда бұл қордың қанша жылға жететінін нақты айтуға болмайды. Себебі жерасты сулары жаңбыр, қар және жерүсті сулары арқылы табиғи жолмен қайта толықтырылып отырады.

Маманның сөзінше, басты міндет – бекітілген қордан артық су алуға жол бермеу. Бұл бағытта бассейндік инспекциялар су алу көлемін бақылап, белгіленген мөлшерден артық пайдалануға рұқсат бермейді.

Оңтүстік өңірлердегі жағдайға қатысты Жайық Ерікұлы бұл аймақтардың жерасты суымен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша қолайлы өңірлер қатарында екенін атап өтті. Жалпы 43 млн текше метр қордың шамамен 25 млн текше метрі оңтүстік өңірлерге тиесілі.

Дегенмен барлық аумақта суды бірдей пайдалануға болмайды. Әр ауданның жерасты суының қалыптасу ерекшелігі әртүрлі. Бір жерде тұщы су болса, басқа аумақта минералды немесе термалды су кездеседі.

Сондықтан жерасты суын пайдалану кезінде оның табиғи қалыптасу ерекшелігі, сапасы және нақты бекітілген қоры ескерілуі қажет.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61