ҚОҒАМ

Алматыда LEZ әзірге пилоттық режимде

Алматыдағы төмен шығарындылар аймағы жыл соңына дейін сынақ режимінде жұмыс істейді. Қазір жүргізушілерге қосымша талаптар мен айыппұлдар қарастырылмаған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Алматы әкімшілігі

Алматыда төмен шығарындылар аймағы (LEZ) 2026 жылғы 28 сәуірден бастап пилоттық режимде іске қосылды. Жоба жыл соңына дейін жалғасады.

Сарапшы Ерлан Бузурбаевтың айтуынша, қазіргі кезеңде көлік иелеріне техникалық тексеруден өту, аймаққа кіргені үшін ақы төлеу немесе қозғалысқа қойылған шектеулерді сақтау міндеттелмейді. Тексеруден өтпеу де құқықтық жауапкершілікке әкелмейді.

LEZ-ті тұрақты режимге көшіру үшін Алматы әкімдігінің арнайы қаулысы қажет. Оның нақты шекарасы да осы құжатпен белгіленеді.

Сарапшының пікірінше, пилот нәтижесі оң болған жағдайда аймақты бүкіл Алматы аумағына енгізу мәселесін қарастыруға болады. Себебі қаланың тау бөктеріндегі орналасуы ауадағы ластаушы заттардың таралуын қиындатады.

Тұрақты жүйе іске қосылмас бұрын көліктерді тексеру әдістемесі, нормативтер, операторлар, қызмет құны және автоматтандырылған бақылау жүйесі толық дайын болуы тиіс.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61