САЯСАТ
Қазақстан ДСҰ-ның қызмет көрсету саласын ішкі реттеу қағидаларына қосылады. Бұл лицензиялау және рұқсат алу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Жасанды интеллект
Құрылтай «Көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының ерекше міндеттемелерінің тізбесіне өзгерістерді ратификациялау туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады.
Құжат қызмет көрсету үшін қажетті рұқсаттар мен лицензияларды алу рәсімдерін оңайлатуды көздейді. Атап айтқанда, өтініш беру және қарау тәртібін жеңілдету, сондай-ақ құжаттарды электронды түрде тапсыру мүмкіндігі қарастырылады.
ДСҰ қағидаларына қосылу қызмет көрсету саласындағы талаптардың ашықтығын арттырып, бәсекелестік пен инвестициялық тартымдылықты дамытуға ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл қызмет көрсетушілерге сыртқы нарықтарға шығуға қосымша мүмкіндік береді.
Қазақстан лицензиялау, біліктілік талаптарын белгілеу және денсаулық пен қауіпсіздікті қорғауға бағытталған өзге де реттеу шараларын қолдану құқығын сақтайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61