ДАМУ
Қазақстан тарихының жеті томдық жаңа академиялық басылымы әзірленіп жатыр. Тарихшы Еркін Әбілдің айтуынша, еңбекке ғылыми дәлелі жоқ даулы тұжырымдар енгізілмейді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Жаңа басылымды әзірлеп жатқан авторлық ұжым жұмысты аяқтауға жақын. Жеті томдықта Қазақстан тарихының әр кезеңіне қатысты зерттеулер мен тарихи деректер қамтылады.
Еркін Әбілдің айтуынша, басылымды дайындау барысында ғылыми негізділікке және деректердің нақтылығына басымдық беріліп отыр. Тарихи оқиғалар зерттеулер мен қолда бар деректер негізінде жүйеленеді.
Тарихшы жаңа еңбекте бұрынғы тұжырымдарды қайталаумен шектелмей, қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелері де ескерілетінін атап өтті.
Жеті томдық жаңа академиялық басылымды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61