ДАМУ

Бакуде Ясауи мұрасына арналған көрме ашылды

Әзербайжан астанасы Бакуде Түркістанның тарихи-мәдени мұрасы мен Қожа Ахмет Ясауиге арналған халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Әзербайжан ұлттық тарих музейінде ұйымдастырылған «Көгілдір күмбез құпиясы» көрмесін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы әзірлеген.

Экспозицияға XII–XIV ғасырларға тиесілі сәулет бұйымдары, терракота тақташалары, мозаика үлгілері, тарихи қолжазбалар және Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің макеттері қойылған.

Көрме арқылы келушілер Ясауидің рухани мұрасымен, «Насабнама» шежіресімен және оның ізбасарлары қалдырған еңбектермен таныса алады. Сондай-ақ экспозицияда Түркістанның сәулет өнері мен тарихи маңызы көрсетіледі.

Халықаралық көрме Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған. Іс-шара барысында екі елдің музейлері мәдени мұраны бірлесіп зерттеу және сақтау, сондай-ақ музей мамандары арасында тәжірибе алмасу жөнінде меморандумға қол қойды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61