ҚОҒАМ

Бүгін – Радио күні

1 қазан Қазақстанда Радио күні ретінде аталып өтеді. Бұл кәсіби мереке Қазақ радиосының 100 жылдығына орай бекітілген, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ҚР Ақпарат министрлігі

Қазақстандағы алғашқы радио хабарлары 1921 жылдың қазан айында эфирге шыққан. Бір ғасырдан кейін, 2021 жылы Үкімет қаулысымен 1 қазан ресми түрде Радио күні болып белгіленді.

Радио – ақпарат таратудың дәстүрлі әрі маңызды құралдарының бірі. Жылдар бойы радиоэфир арқылы жаңалықтар, мәдени-ағартушылық бағдарламалар, музыка және түрлі әлеуметтік тақырыптар тыңдарманға ұсынылып келеді.

Бүгінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамында Qazaq radiosy, «Shalqar» және «Classic» радиолары жұмыс істейді. Олар ақпараттық, мәдени және музыкалық бағыттағы хабарлар дайындайды.

Радио саласының дамуына журналистер, жүргізушілер, редакторлар, дыбыс режиссерлері, техникалық мамандар және басқа да сала қызметкерлері үлес қосып келеді.

Барша радио саласының мамандарын кәсіби мерекемен құттықтаймыз!

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61