ӘЛЕМ

АҚШ әскерінің Ирактағы миссиясы аяқталды

АҚШ әскері 30 қыркүйекте Ирактан толық шығарылды. Соңғы бөлімдер елдегі базалардан кетіп, халықаралық коалицияның әскери миссиясы аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

АҚШ пен Ирак 2024 жылы коалицияның әскери миссиясын кезең-кезеңімен аяқтау туралы келісімге келген болатын. Келісімге сәйкес, америкалық әскердің елдегі әскери операциялары тоқтатылды.

АҚШ әскері Иракқа алғаш рет 2003 жылы кірді. 2011 жылы елден шығарылған америкалық күштер 2014 жылы «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына қарсы күрес басталған кезде қайта орналастырылды.

Соңғы жылдары АҚШ бастаған халықаралық коалиция Ирак қауіпсіздік күштеріне терроризммен күрес бағытында қолдау көрсетіп келді. Америкалық тарап бұдан әрі Иракпен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жалғастыратынын мәлімдеді.

Пентагонның мәліметінше, АҚШ Иракқа оқу-жаттығу, кеңес беру және барлау бағыттарында қолдау көрсетуді жалғастыра алады. Ал халықаралық коалицияның елдегі әскери миссиясының аяқталуы Ирактағы қауіпсіздік міндеттерінің негізгі бөлігін ұлттық күштердің өзіне жүктейді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61